Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің облыс бойынша аумақтық департаментінде өткен жылдың қорытындылары туралы айтылды. Мәселен, былтыр энергетика саласында жоспардан тыс 2 тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде жарты млн теңге соммасына әкімшілік ЗАҢ бұзушылықтар анықталды.

Әкімшілік хаттамалардың бірі - "Қазтеплоспецстрой" ЖШС- не толтырылып, 553 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Себебі, серіктестікте қызметкерлерге тікелей міндеттерін орындауға кедергі келтірілген.

НИКОЛАЙ БОРЗИЛОВ, ҚР ЭМ АЭҚБК СҚО БОЙЫНША АУМАҚТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Біздің Департаментке “Солтүстік Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» акционерлік қоғамынан электр желілерін қорғау аймақтарында олардың келісімінсіз жұмыс жүргізілгені туралы шағым түсті. Департамент тарапынан жоспардан тыс тексеру қолға алынып, актіні тапсыру кезінде олар қол қоюдан бас тартып, жасырынуға тырысты. Осы факт бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сотта біз жеңдік.

Атом энергетикасы саласында тиісті лицензиясыз иондаушы сәулелену аспаптарын пайдалануда заң бұзушылық анықталды. Материалдар кассациялық сотқа жіберілді. Заң бұзушылықтар туралы нұсқама облыстың ірі зауыттарына да жазылды.

НИКОЛАЙ БОРЗИЛОВ, , ҚР ЭМ АЭҚБК СҚО БОЙЫНША АУМАҚТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Бүгінгі күні 2 бойынша орындау мерзімі жеткен жоқ. Оның біреуі Петропавл ауыр машина жасау зауытына қатысты. Департамент жоспардан тыс тексеру жүргізді. Талап орындалмағаны анықталды және оларға әкімшілік хаттама толтырылды. Соттың шешімімен 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, энергетика саласында субьектіге 3 профилактикалық тексеру жүргізіліп, 3 заңбұзушылық анықталды. 298 бақылау жүргізіліп, нәтижесінде 25 тармақ бойынша 24 ұсыным берілді.

Сондай-ақ, департамент өкілдерінің қатысуымен технологиялық бұзушылықтарға 7 тергеу жүргізілді.