М. Жұмабаев ауданында республикалық маңызы бар М-51 Челябі – Новосібір автожолы орташа жөнделіп, пайдалануға берілді.Ұзындығы - 14 шақырымды құрайды. Жолшылар тегістеу, асфальтбетон жамылығысын төсеу, жол жиектерін және жол айырықтарын салу секілді жұмыстарды жүргізді. Сондай-ақ, 30 жол белгісі орнатылды.
ТАЛҒАТ СМАҒҰЛОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:
- Аталған уческеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда барлық жұмыстар толығымен аяқталды. Жобаның жалпы құны шамамен 1 млдр теңгені құрайды. Істі жауапты мердігер - «Дорожник Ашық Аспан» ЖШС атқарды.