С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап- ғылыми кітапханасында Астана күніне орай «Асқақтаған елордам – Астанам» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Іс-шараға қоғам белсенділері, ақын-жазушылар, өнер адамдары және бір топ студенттер қатысты.


Іс-шарада «Вдохновение» ұжымы өз өнерлерін ортаға салып, ән мен биден шашу шашты. Құрылғанына 5 жыл болған топ «Мэри поппинс» және «Новый вдохновение» атты би биледі. 64 жастағы Сауле Кеженева да осы ұжымның мүшесі.


САУЛЕ КЕЖЕНЕВА, «ВДОХНОВЕНИЕ» БИ ҰЖЫМЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- Біздің ұжымның атауы «Вдохновение». Біздің ұжымға 5 жыл болды. Бірақ, мен өзім бимен 1 жыл ғана айналысамын. Біз арқашан осындай шараларға қатысамыз.


Кітапхана төрінде жыл сайын ұйымдастырылатын бұл іс-шараға 30-ға жуық оқырман мен студент жастар қатысты. Сондай-ақ, кітапхана қызметкерлері Астана күніне орай оқырманға арнап көрме де ұйымдастырған. Мұнда Астана қаласы жайлы жазушылардың еңбектері қойылған.


ЗӘМЗӘГҮЛ СПАРТАКҚЫЗЫ, КІТАПХАНАШЫ:

- Бүгінгі кітапханамыздағы іс-шара Астана күніне арналып жатыр. Және де бүгінгі іс-шарамызға кітапханамыздың оқырмандары, облыстың құрметті азаматтары, жазушылар, журналистер шақырылып, іс-шара өткізіледі. Кеш барысында кітапхана оқырмандары ән айтып, өлеңдерін оқиды.


Айта кетейік, әдеби кеш барысында Астана қаласының тарихы мен жеткен жетістіктері сөз болды.