Неврология – мінсіз білімді, дәлдікті қажет ететін медицинаның өте күрделі салаларының бірі. Осындай мамандықты таңдаған дәрігерлердің бірі – Хия Ерденова. Ол 1 қалалық ауруханада неврология бөлімшесінің меңгерушісі болып 18 жыл бойы тынымсыз еңбек етіп, халықтың шынайы ықыласына бөленіп келеді.


1991 жылдан бері невролог болып табанды еңбек етіп жүрген дәрігер ғұмырының 36 жылын өңір медицинасын дамытуға арнады. 1988 жылы Түмен облысындағы медицина институтын «Неврология» мамандығы бойынша оқып бітірген. Алғашқы еңбек жолын Түмен облысының Есіл қаласында терапевт болып бастаған. 2005 жылы Петропавлға көшіп, екінші қалалық емханада терапевт әрі невропотолог болып қалтқысыз қызмет етті. 2008 жылы бірінші қалалық ауруханада ашылған неврология бөлімшесін осы күнге дейін басқарып, науқастарға сапалы медициналық көмек көрсетіп келеді.


ХИЯ ЕРДЕНОВА, БІРІНШІ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ НЕВРОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

– 8-сыныпқа дейін ұстаз боламын деп ойлаған едім. Бірақ анамның жиі сырқаттанғанын көріп, мектеп бітірісімен дәрігер боламын деп шештім. Бұған мүлдем өкінбеймін. Біріншіден, бұл кәсіп мені одан сайын шабыттандырады, науқастардың дертінен тез айығуы маған зор қуаныш сыйлайды.


Хия Ерденовамен бірге бөлімшеде 18 медицина қызметкері халық игілігі жолында қызмет атқарып жатыр. Сонымен қатар тәжірибелі дәрігер көптеген жас мамандарға тәлімгерлік етуден де жалыққан емес.


ХИЯ ЕРДЕНОВА, БІРІНШІ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНА НЕВРОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Бір өкініштісі, олар білім алып, тәжірибе жинаған СОҢ, бөлімшеДе тұрақтамай, кетіп қалып жатыр. Бірақ оларды да түсінуге болады, себебі жас мамандар өсуі керек.  Менің ойымша, ең бірінші дәрігер адами қасиеттерге бай болуы қажет. , барлық адамның жағдайын түсініп, өз мамандығын сүйіп, оған адал болуы керек.


1-ші қалалық аурухананың неврология бөлімшесі 65 орынға шақталған. Бұл орталық перифериялық жүйке жүйесінің ауруы бар науқастарға да медициналық көмек көмектеседі.