Облыста ТЖД ұйымдастыруымен "Абайлаңыз-көміртегі тотығы!" акциясы аясында өңір елді мекендерінде рейдтер өтті. Құтқарушылар жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен, волонтерлер және жоғары кәсіптік-педагогикалық колледж студенттерімен бірге жеке тұрғын үй секторларын аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздлігі ережелерін еске салды.


Рейд барысында сіріңке мен оттықты балалардан аулақ ұстау керектігі ескертілді. Колледж студенттері жеке үйлерге барып, әңгімелесулер өткізді, жадынамалар таратты, тұрғындарға пешпен жылытуды, электр жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы кеңес берді. Акция аясында волонтерлер мен мамандар көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер мен мүгедектер, жалғызбасты адамдардың үйлеріндегі түтін мұржаларын тазалап,дыбыстық сигнал беретін датчиктер орнатып берді. ТЖД мамандары алдағы мереке күндері де осындай рейдтік шараларды күшейтілген режимде өткізуді жоспарлап отыр.