Петропавлдағы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өрт сөңдірушілердің жұмысымен таныстыру мақсатында «Ашық есік» күнін өткізді. Іс-шараға мектеп оқушылары арнайы келіп, өрт сөндіру-құтқару техникаларымен, құтқару жабдықтарымен, жалпы алғанда өрт сөндіру бөлімінің тыныс тіршілігімен танысты.


 Петропавлдағы № 1 Мамандандырылған өрт сөңдіру бөлімінде 4 өрт сөндіру техникасы бар. Оқушылар өрт сөндірушілердің шақырту түскенде қандай әрекет жасайтынын көрді.


РИЗАБЕК ТЕМІРБЕКОВ, СҚО ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРІ:

- «Бұл іс-шараның ұйымдастырылу және өткізул мақсаты, ол осы 1 наурызда өткен дүниежізілік азаматтық қорғаныс күніне орай және де осы азамттық қорғау органдарының қызметкерлерінің имиджін арттыруға бағытталған.Бұл іс-шара жыл бойы өткізілуде және де осы 1 наурыздағы дүниежізілік азаматтық қорғаныс күніне орай 20 ақпанан бастап 20 наурызға дейін азаматтық қорғаныс айлығы белгіленген болатын.Петропавл қаласының барлық мектептерінің оқушыларына осындай іс-шаралар жүргузілуде.


Іс-шараға қатысушы балаларға өрт сөндірушінің жауынгерлік кимімін киіп көруге рұқсат етілді. Мектеп оқушылары арнайы сатымен көтеріліп, бір сәтке өздерін өрт сөндіруші ретінде сезінуге мүмкіндік алды. Балалар күнделікті қолданылатын техника және құрал жабдықтармен де танысты.


 – Бүгінгі өткізіліп отырған шара барысында бізге өрт сөндіру бөлімінің техникалары көрсетіліп, мамандықтың қаншалықты қиын, әрі жауапты екендігі айтылды. Маған барлығы қатты ұнады.


 – Мамандар өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің жұмысымен таныстырды.Бұрынан бері маған өрт сөндірушілердің атқаратын жұмысы қатты қызықтыратын бүгін міне өз көзіммен барлығын тамашалап шықтым.Болашағымды осы мамандықпен байланыстырғым келеді.


 – Аталмыш іс-шара маған қатты ұнады.Өрт сөндірушілердің атқаратын жұмысы өте қауіпті,осыған қарамастан бізге мектеп оқушыларына осындай түсіндірме жұмыстарын өткізіп отыр біздің алғысымыз шексіз.


Айта кеткен жөн,бүгінгі күні «Ашық есік» күндері тек қалалық өрт сөндіру бөлімдерінде ғана емес,сондай-ақ облыс аумағында да тұрақты түрде өткзіліп келеді.



Алдияр Жылкайдаров