Өңір аграрийлері «CLAAS Group» компаниясы комбайындарының сапасына жоғары бағаСЫН беріп отыр. Кейбір серіктестіктер БҰЛ техниканы осыдан 10 жыл бұрын алған екен. Әлі күнге  шет елдік комбайындардың жұмысына шағымданған жоқ. «CLAAS Group» техникасын 2014 жылдан бері пайдаланып келе жатқан серіктестіктердің бірінде тілшілер болып қайтты.
 
Қызылжар ауданындағы «Сервис-ЖАРС» серіктестігі «CLAAS Group» компаниясының тегеурінді техникаларын 2014-жылдан бері қолданып келеді. Алғашында 2-уін  сатып алған. Неміс комбайндары астықты тез сеуіп, мол өнім алуға мүмкіндік беруімен бірден таң қалдырған. Серіктестік биыл көктемде «ҚазАгроҚаржы» ұйымы арқылы тағы 2 техникаға қол жеткізді. 

ҒАББАС ЖАНТАЕВ, «Сервис-ЖАРС» ЖШС директоры:
- «CLAAS Group» компаниясының техникаларының өнімділігі жоғары екені айтпаса да түсінікті. 2014-те сатып алғандар әлі күнге мүлтіксіз жұмыс істеп келеді. Сондықтан тағы екеуін алдық. «ҚазАгроҚаржы» ұйымының ұсынған шарттары көңілден шықты, онсыз өз күшімізбен ала алмас та едік. Өйткені, сапасына қарай бір комбайн шамамен 250 млн теңге тұрады.

 «Сервис-ЖАРС» серіктестігі биыл 7 мың гектар егістік алқабының 50 пайызына бидай септі. Оның басым бөлігі бүгінде жинап алынған.  Енді 1500 гектар жердің өнімі бастырылмақ.

ҒАББАС ЖАНТАЕВ, «Сервис-ЖАРС» ЖШС директоры:
- 1000 га рапс, осынша зығыр септік. Бұршақ, жасымық 500 га-тардан ектік, оның барлығы алынды.02:23/ Өнімділігі былтырғыға қарағанда жақсы деп ойлаймын. Гектарына 30 центнерден келіп тұр.03:04/ Бұршақты 22 центнер, жасымықты гектарына 16-дан алдық.

 Қызылжар ауданындағы диқандар орақ науқанын 2 аптада аяқтауды жоспарлап отыр.