Петропавлда жерлесіміз, суретші және фотограф Светлана Грумованың алғашқы жеке көрмесі өтті. «Как есть» деп аталған көрмеде автор өмірдің шынайы сәттерін, табиғаттың және адамның табиғи болмысын көрсетуді мақсат еткен. Бұл жерде барлығы 26 жұмыс қойылған. Олардың барлығы облыста түсірілген туындылар.
Автор көрмені Петропавлда өткізуді тегіннен-тегін таңдамаған. Себебі бұл қала оның туған жері және шабыт беретін мекені.
СНХ: СВЕТЛАНА ГРОМОВА, КӨРМЕ АВТОРЫ
Көрменің басты мақсаты шынайылықты көрсету және шығармашылыққа шабыт беру. Суреттерде ешқандай өңдеу, фильтр, жасандылық жоқ. Автордың айтуынша, бұл адамдарға өз болмысынан ұялмауға, өмірді сол күйінде бағалауға үндеу.
СНХ: СВЕТЛАНА ГРОМОВА, КӨРМЕ АВТОРЫ
Көрме аясында «Яблоко, как есть» атты шығармашылық байқау да ұйымдастырылған. Ол 10 күнге созылды. Байқауға Қазақстанның түрлі өңірлерінен қатысқан. Туындысы ерекше көзге түсіп, жеңімпаз атанған Александр Кузичев.
СНХ: АЛЕКСАНДР КУЗИЧЕВ, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ
Автор мен қатысушылардың айтуынша, мұндай іс - шаралар өңірдің шығармашылық ортасын дамытуға серпін береді. Көрме көрерменге өмірді бар қалпында сүюге және әрбір сәттің сұлулығын көре білуге үндейді.