Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде орыстың ұлы ақыны Александр Пушкиннің туғанына 225 жыл толуына орай ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараға облыс аудандарынан келген оқушылар, мұғалімдер мен зерттеушілер қатысты.
Конференцияны мектеп директоры Данияр Уәлиев ашып, Пушкин мұрасын зерттеудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, филология ғылымдарының кандидаты Ольга Васильева ақынның шығармашылығының қазіргі замандағы өзектілігі туралы өз көзқарасымен бөлісті.
ОЛЬГА ВАСИЛЬЕВА - ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:
- Бүгін ақынның туғанына 225 жыл толып отыр. Өскелең ұрпақ ақынды біледі, өлеңдерін оқиды. Жастар сахналаған шығармаларды бүгінгі ұрпаққа жеткізді деп ойлаймын. Александр Пушкин орыс әдебиетін жаңа арнаға бұрып, халқының мұң-мұқтажын шығармаларында өзек еткен ақын.
Іс-шарада мектеп оқушылары А.С. Пушкиннің "Евгений Онегин" шығармасына негізделген әдеби қойылым ұсынды. Кейін конференцияға қатысушылар – облыстың 8 мектебінен келген оқушылар ақынның шығармаларына арналған ғылыми зерттеу жобаларын ұсынды. Бұл жұмыс Пушкин шығармашылығының әдеби ерекшеліктерін тереңнен ашып берді.
ӘДІЛХАН МӘЛІКОВ - К.САЛЫҚОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ 10 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
- Осы постерде А.С.Пушкин мен Г.К. Бельгер осы екі автордың шығармаларын оқып, зерттеп біз күннің не білдіретінін түсіндік. Екі авторда күн ол бақыт, күлкі және жарықты әкелетінін көрдік. Осы «рассказ Абильмажинова», «Пушкин грабовщик» және «барышня крестиянка» деген шығармаларында күн бір нәрсені білдіретіні екенін түсіндік.
Іс-шара аясында оқушылар Пушкиннің өлеңдерін жатқа оқыды. Кейін сайыста білімдерін сынады. Сондай-ақ конференцияға келген оқушыларға экскурсия, ал орыс тілі мен әдібиеті пәнінің мұғалімдеріне шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.