Қазір жасанды интеллект технологиялары әлемде танымал әрі сұранысқа ие. Олар түрлі салада, соның ішінде білім беруде қолданылЫП КЕЛЕДІ. Мектепке дейінгі ұйымдардың оқытушылары үшін жасанды интеллект олардың жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, оқыту сапасын жақсартатын құралға айналған. Петропавлдағы "Балдәурен" бөбекжайы да жасанды интеллектіні күнделікті оқыту үрдісіне енгізіп отыр.

Ұстаздардың айтуынша, нейрондық желі арқылы білім беру процесін ұйымдастыру мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуына ықпал етеді. Виртуалды көмекші арқылы балалар кез-келген тақырыпта қосымша ақпарат алады.

Сонымен қатар, "Балдәурен" бөбекжайында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Осыған байланысты мектепке дейінгі мекемеде 64 сандық бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Бұл тәрбиеленушілердің қауіпсіздігі басты назарда екенін көрсетеді. "Ақылды бейне аналитика" жүйесі тәрбиеленушілер, балабақша қызметкерлері арасында келіспеушілік пен агрессияны бірден байқауға көмектеседі.

МӘДИНА ДАРБАЕВА, «БАЛДӘУРЕН» БӨБЕКЖАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 

- Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасанды интеллект жұмыс істейді. Жүйе "Ақылды бейне аналитика" деп аталады. Оны әзірлеушілер - Астана қаласының техниктері. Жүйе қолданыстағы бейне камераларға қосылады және балабақша қызметкерлерінің агрессиясы фактілерін тіркеуге мүмкіндік береді. Бұл бейнеден екі оқушының бір орындықты бөлісе алмағанын көре аламыз. Бұл мұғалімге өте қолайлы. SMS хабарлама агрессия фактісі анықталған сәттен бастап 10 секунд ішінде келеді.

Білім беру мекемелеріне жасанды интеллект енгізу балалардың білім сапасы мен дамуын едәуір арттырады.