Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Целинное ауылында 4 жылдан бері газ станциясы жұмыс істеп тұр. Көгілдір отынды тұрғындар шағын баллондарды толтыруға ғана емес, сонымен қатар автокөлік иелері де қолдана алады. Сондай-ақ, мұндағы әр үй орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған.


Газды пайдалану үнемді, сондықтан сұраныс та жоғары. Газ стансасына Целинное ауылының тұрғындары ғана емес, жақын маңда орналасқан елді мекен халқы да келіп, пайдаланады. Газ баллонды кез келген уақытта толтыруға болады және бұл үшін аудан орталығына барудың қажеті жоқ.


СЕРІК ЫБЫРАЕВ, «ЦЕЛИННОЕ-2004» ЖШС БАСШЫСЫ:

- Аудан орталығынан алыс тұрамыз. Ол жаққа барып қайту үшін біраз уақыт кетеді. Ал, газды бәріміз тұтынамыз. Сол себепті ауылымызда өз газ станциямыздың бар болғаны өте ыңғайлы.


 Жергілікті тұрғындардың тағы бір мақтанышы - биоотын қазандығы. Ол Целинное ауылының әлеуметтік нысандарын, тұрғын үйлер мен өндірістік үй-жайларды жылытады. Бұл технология қоршаған ортаға зиян келтірмейді.


АНАТОЛИЙ МАЙЕР, «ЦЕЛИННОЕ-2004» ЖШС ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Жылытылатын алаңның көлемі 40 мың шаршы метрді құрайды, оның 23-і өндірістік және әлеуметтік нысандар және 15 мыңы жергілікті тұрғындар. Тәулігіне 60-65 бума сабан кетеді.


 Өркениеттің игілігін КӨРУ үшін нәтижелі жұмыс істеу керек. Сеірктестік көктемгі дала жұмыстарына да сақадай сай. Мұнай базасында 500 тонна көлемінде дизель отыны мен жеткілікті мөлшерде жанар-жағармай бар.