ҚАЖД-нің № 50-ші мекемесінде «Маска» ән байқауы өтті. Өнер додасына 5 жазасын өтеуші қатысты. Олар 2 кезеңнен тұрған сайыста жұртшылыққа жақсы таныс әндерді шырқады. Келесі бейнематериалға назар аударайық.


 Бала, мысық, бұлт, бақа және ай. № 50-ші мекемесінде жазасын өтеп жатқан қыз-келіншектер дәл осы кейіптерде сахнада өнер көрсетті. Түзету мекемесінд «Маска» ән байқауы алғаш рет ұйымдастырылған. Сол себепті, қатысушылар ұзақ уақыт бойы дайындалған. Әсіресе, костюмді тігу көп уақытты алған.


ЖАНАГҮЛ САҒЫНБАЕВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:

-  Өз бағымды сынап көргім келді, ән айту қабілетім бар болғасын. 2 ән айту керек. Белгілі бір образда. Мен «Алматы түні» және «твои глаза» әндерін шырқаймын.  көрермендерге ұнайды және қызықты болады деп ойлаймын.


 Байқаудың басты талабы қазылар алқасы мен көрермендер үміткерлерді танып қалмауы тиіс. Болмаған жағдайда екінші кезеңге өтпей, жарысты тоқтатады.


ТАНА ҚАЗЖАНОВА, СҚО БОЙЫНША ҚАЖД № 50-ШІ МЕКЕМЕСІНІҢ ЖАСАҚ БАСТЫҒЫ:

-  Сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бөлімімен жоспарға сәйкес іс-шаралар көзделіп орындалуда. 5 қатысушы қатысады.  Бізде қазақ тілі клубы, элегия клубы бар. Сотталғандар сол жерде уақыт өткізеді, түрлі бағытта жұмыс жасайды.


Байқауда топ жарған қатысушылар алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Жалпы, бүгінгі күні мекемеде 200-ге тарта қыз-келіншек жазасын өтеуде.



Майгүл Сейілбек