Өңірде бизнеске кедергі келтіру дерегі анықталды.


Мемлекеттік грант алып, жылыжай салған кәсіпкер екі ай бойы нысанға жарық желісін тарта алмаған. Қызылжар ауданы Бескөл ауылының тұрғыны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке шағымданды. Құзырлы орган өкілдері аудандық әкімдіктің сәулет бөлімі рұқсат құжаттарын еш негізсіз бермей келгенін анықтады. Мәселе оң шешімін тапты.


АЙДОС ЖҮНІСОВ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- «Кәсіпкерлікке көмек көрсету жылы» деп жарияланған болатын. Осыған байланысты жаңағы аталған талдау да жүргізіліп жатыр. Сол себепті біз жариялағаннан кейін кәсіпкерлер қазір жүгінуді бастады.