Ақпанның 1-і күні «Qulager» хоккей клубының жастары өз мұз алаңында рудныйдың «Gornyak» командасын қабылдады. Ойын қос құрама үшін де қиынға соқты. Дегенмен бұл жолы жерлестеріміз әдемі ойын өрнегін көрсетіп, маңызды жеңіске қол жеткізді.


Кездесудің басынан жергілікті хоккейшілер ойынды өз қолдарына алды. Бірінші кезеңнің 8-ші минутында «Qulager» жастар хоккей клубының ойыншысы Даниил Варламов шайба соғып, командасын алға шығарды. Дегенмен қуаныш көпке созылмады. Араға бірнеше минут салып, қонақтар құрамасының ойыншылары таразы басын теңестіріп кетті. Бұдан соң, жерлестеріміз шабуылды үдетті.


Шайба авторы «Qulager» жастар хоккей клубының қорғаушысы Лев Капкайкин. Осылайша бірінші кезең 4:1 есебімен «құлагерліктердің» пайдасына аяқталды. Екінші кезеңде де жерлестеріміз шабуылды тоқтатқан жоқ.


Ал екінші кезең 6:3 есебімен аяқталды. Үшінші кезеңде де «Qulager» хоккей клубының жастары лайықты ойын өрнегін көрсетті. Осылайша қорытынды есеп – 7:4.


ӘДІЛХАН ШАРЫҚПАЕВ, «QULAGER» ЖАСТАР ХОККЕЙ КЛУБЫНЫҢ ШАБУЫЛШЫСЫ:

- «Жаттықтырушымыздың тапсырмасын орындап шықтық. Кездесу 6:4 есебімен аяқталса да, ойын қиынға соқты. Енді алдағы матчтарға дайындаламыз.»


Осы ойынның қорытындысы бойынша «Qulager» хоккей клубы 63 ұпаймен 2 орында тұр. Жерлестеріміз ақпанның 9-ы-10-ы КҮНДЕРІ өз мұз алаңында астаналық «Barys» құрама командасын қабылдайды.