Үкіметтік емес ұйымдардың өзекті мәселелерін талқылау, олардың мемлекетпен өзара іс-қимылын жақсарту. С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада дөңгелек үстел өтіп, азаматтық қоғамды одан әрі дамыту жолдары талқыланды. Іс-шара дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне орайластырылды.


Үкіметтік емес ұйымдар қоғам мен мемлекет арасындағы көпір іспеттес болуы керек. Адал қоғамды қалыптастыру Президент саясатының негізгі міндеттерінің бірі. Қазірдің өзінде өңірімізде барлығы 480-ден астам үкіметтік емес ұйым бар,тек оның 105-і ғана ресми түрде тіркелген.


КЕМЕЛ ОСПАНОВ, СҚО ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Біз үшін үкіметтік емес ұйымдармен мемлекет арасындағы әріптестік қатынастарды дамыта беру маңызды болып саналды.Үкіметтік емес ұйымдармен олардың белсенді қызметтері қоғамымыздағы демократияландыру үрдісіне оңтайлы ықпал етіп келеді. Үкіметтік емес ұйымдар біздің егемендігіміздің төл құрадасы.


Облыстық азаматтық альянс төрағасы Диляра Жұмағұлованың айтуынша үкіметтік емес ұйымдарға бөлінетін қаражат әлі де жеткіліксіз. Көбіне ұйымдар тарапынан ұсынылатын жобалар лайықты қаржыландыруды қажет етеді, алайда бюджеттен бөлінетін сомма көңіл көншітпейді.


 ДИЛЯРА ЖҰМАҒҰЛОВА, СҚО АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 – Үкіметтік емес ұйымдар материалдық қолдауды қажет ететіндігі сөзсіз. Бірақ көбінесе бұл ұйымдар қоғамдық негізде қызмет атқарады. Егер де ұйымдарға деген қолдау жоғары болған жағдай да, жобалар әлдеқайда көп болатын еді.Менің ойымша,бұл халықтың әл-ауқатын әлдеқайда жақсарту үшін таптырмас құрал. Себебі қазір үкіметтік емес сектор мемлекет пен халықтың ортасында тұр. Ол әлеуметтік шиеленісті жеңілдетуге көмектеседі.


 Атап өткен жөн,қазіргі таңда үкіметтік емес ұйымдардың сапалы қызмет атқаруы үшін дамудың жаңа тұжырымдамасы әзірлену үстінде.