С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры «Ауыл елдің рухы» атты гастрольдік іс-сапарын бастады. Оның аясында театр ұжымы өңірдің әр ауданына барып, спектакль қоймақ. Бұл жолы олар Тайынша ауданының тұрғындары үшін «Қарапайым адам» қойылымын ұсынды.


С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының құрылғанына биыл 23 жыл. Осы аралықта театр көрерменге әр түрлі жанрдағы қойылымдарын ұсынып келеді. Бүгінде өнер ордасы облысымыздың 13 ауданына гастрольдік турын бастаған. Оның аясында көзқарақты көрерменге «Қанбақ шал» халық ертегісімен Нушич Браниславтің «Қарапайым адам» қойылымдарын ұсынбақ.


БІРЖАН ЖАЛҒАСБАЕВ, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 

- Ауыл тұрғындарының аудан тұрғындарының көңілін көтеріп,мына жылдың басында жақсы көңіл күй сыйлап осындай ниетпен мақсатпен ауыл елдің рухы деген атпен гастрольдік турды бастадық.Өткен айдың 27-ші қаңтар күні Айыртау ауданынан бастадық 31-шә қантар күні Уалихан,Ақжар аудандарында өнерін көрсетті ұжым.Енді мінекей бүгін Тайынша ауданына келіп отырмыз.Сонымен ары қарай біздің аудандарға турымыз жалғасады.


 С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры «Қарапайым адам» атты қойылымын кездейсоқ тандамаған. Өйткені сербиялық жазушы Нушич Бранислав жазған туындының желісі бойынша оқиға ауылды жерден басталады. Театр актерлері ауылдағы қарапайым шаңырақтың тұрмысын бастан аяқ сахналады.


ҚАСЫМ ДҮЙСЕХАН, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ: 

- Бұл қойылымда мен Ақжанның рөлін сомдаймын яғни ол ақын осы саясат туралы өлең жазып,содан бұнын шын шытырманға толы өмірі басталады.Жалпы бұл қойылым адамның қарапайымдылығын жалпы қарапайым адамның бойында болатын махаббатты ұштастыра білген.


«Қарапайым адам» атты комедиялық қойылымға адам көп жиналды. Тіпті, залда ине шаншар жер болмады. Бір жарым сағатқа созылған спектакль тайыншылықтардың көңілінен шықты.


- Өте ұнады, әртістер өте өнерлі сондай қарапайым азамттар екен.Өзіміздің мемлекеттік тілде жоғары деңгейде өтіп жатыр.

- Бізге осындай спектакль көптен бері келген жоқ, келгендеріңізге көптен көп рақмет.Осындай спектакль жалғыз районда қана емес ауыл аймақтарға келсе, біз өте қуанышты болар едік.Міне осы спектакльді біз көптеген көрмеген ауылдың жағдайы турлы көріп жатырмыз.


 С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының аудандарға арналған гастрольдік іс-сапары ақпан айының соңына дейін жалғаспақ.