"Целинное-2004" ЖШС Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның табысты ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ бірі. Ол өсімдік және мал шаруашылығымен қатар айналысады. Қазіргі таңда аграрийлер көктемгі дала жұмыстарына қызу дайындықты бастап кетті. Биыл егістік алқаптарының ауданы 31 мың гектарды құрап отыр.


Арнайы техниканың көмегінсіз сапалы егіс жұмыстарын жүргізу мүмкін емес,сондықтан машина-трактор паркіне мұнда ерекше назар аударылған.Көктемгі науқан алдында техникалар тексеріліп, қандай да бір ақау анықталған жағдайда тез арада жөңдеуге жіберіледі.


НИКОЛАЙ ЖАБИН, БАС ИНЖЕНЕР:

 – Кәсіпорында К-700 тракорының 20 сы бар,сондай-ақ импорттық техникалар да жетерлік.Техникалардың барлығы машина трактор станциясында тұрады, мұнда техника алдын ала тексеріліп содан соң егіс алқпатарына жөнелтіледі.


Компанияның жалпы ауданы 36 мың гектар жері бар, оның 31-імың гектарына биыл дәнді дақыл егіледі. Заманауи технологияларды, минералды тыңайтқыштар мен сапалы тұқым қолдану арқасында өткен жылдың құрғақшылығына қарамастан шаруашылық гектарына 15 центнер өнім алды.


 СЕРІК ИБРАЕВ, "ЦЕЛИННОЕ-2004" ЖШС БАСШЫСЫ:

 - Биыл біз бидайдың түрлерін жаңарттық.Сондай-ақ 500 тонна минералды тыңайтқыш сатып алынды. Алдағы уақытта бұршақ дақылдарын да еккіміз келеді. Шамамен 600 гектар алқапқа бұршақ отырғызуды жоспарлап отырмыз.


Компания 3 жыл сайын тұқым жаңартып отырады.Биыл кәсіпорын элиталық бұршақ тұқымдарын қолдануды ұйғарған.


СӘБИТ ӘШЕТОВ,БРИГАДИР:

 -Бригадамызда 15 адам жұмыс істейді.7800 гектар жер егеміз еккенде арпа,бидай,судан шөбін бидай егеміз.Бригадамызда әлуметтік жағдай жасалынған столовый жұмыс істейді.


"Целинное-2004" ЖШС мал шаруашылығымен де айналысады.Фермада жалпы алғанда 300-ден астам ірі қара мен 200-ге жуық жылқы бар.Фермада қаіргі уақытта казақтың ақбас және ангус тұқымдас сиырларына басымдық берілген.


ДМИТРИЙ АМЯГА,ФЕРМА МЕҢГЕРУШІСІ:

 – Бүгінде біз етті бағытты қара малмен айналысамыз, балабақша мен мектепті, асхананы, бригадаларды түскі аспен қамтамасыз етеміз.Фермада базалар бар, орын жеткілікті.


Шаруашылық жеткен жетістікке малданбай, әрі қарай дамымақ, сонымен қатар Целинное ауылы тұрғындарына жақсы жағдай жасамақ.