Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық кәсіпкерлер палатасының жұмысы қорытындыланды. Өткен жылы бизнесті қорғау бойынша 105 өтініш қаралып, оның 36 % оң шешімін тапқан. Айта кеткен жөн, 2020-2022 жылдар аралығында кәсіпкерлердің құқығы 804 миллион теңгеден астам соммаға қорғалған.


 Сондай-ақ, былтыр «Атамекен-Қызылжар» микроқаржы ұйымы 197 өтінімді мақұлдап, мемлекеттік қолдау аясында 1 132 000 000 теңге берген. Оның 80 % инвеститциялық жобаларға бағытталды.


 ТИМУР БЕКЕЕВ, СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- «Біздің СҚО кәсіпкерлер палатасы комерциялық емес ұйым. Оның мақсаты бизнестің құқықтар мен заңды мүдделерін қөорғау. Оны дамыту үшін қолайлы жайғдайлар жасау және ілгерілету болып табылады. Қазіргі кезде ұлттық палатада трансформациялау процесі жүріп жатыр.»