Петропавл полицейлері жертөлелерде ұрлық жасаған күдіктіні ұстады. Қамауға алынған ер адам бұрын сотталған екен. Әзірге оның осындай бес қылмысқа қатыстылығы анықталды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалына назар аударайық.


 Қыс мезгілінде қала тұрғындары жертөлелерін тексере қоймайды. Әдетте қылмыс жасалған уақыт пен полицияға жүгінудің арасында әжептәуір уақыт өтЕДІ. Көп жағдайда адамдардың электр құралдары жоғалады. Осындай фактілердің бірінде шығын сомасы 200 мың теңгеге жуықтаған. Қаланың тағы бір тұрғыны Жаңа жыл мерекесінің алдында жертөлесіне түсіп, екі велосипедінің жоғалғанын анықтаған.


 Юрий Резников, жәбірленуші:

- алғашында оларды құлыптап жүрдім. уайымдамадық. Көршілерім де жақсы, тәртіпті. 20 жыл бойы ешқандай оқиға болмап еді. Бұл жолы бірінші рет ұры түсті.


Белгісіз қылмыскер бір тәсіл бойынша әрекет еткен. Жертөлелерге кілтті таңдау арқылы еніп, қоймаларды қолға түскен затпен бұзып отырған. Қаңтар айында жедел уәкілдер күдіктіні ұстады. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 33 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта ұрланған заттардың біразы тәркіленді.


 Дархан Құдабаев, Петропавл қ. полиция басқармасының тергеушісі:

- жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында заттай айғақтар табылды. Олар тұрғындардың қоймаларынан ұрланған. Аталған факті бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. 


 Істе барлығы 5 эпизод тергелуде. Күдікті қазір күзетпен қамауға алынды. Оның осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.


 Юрий Резников, жәбірленуші:

- Бізбен үнемі байланыста болған, қылмысты жылдам ашқан тергеу бөлімінің тергеушісі Дархан Құдабаевқа алғысымыз шексіз Жедел уәкілдер Жүсіп пен Ернар іс басталғалы басы-қасында болып, қылмысты ашуға көмектесті. 


Полицейлер тұрғындарға берік құлыптарды қолдануға, көппәтерлі үйлердің кіреберістерінің алдына бейнебақылау камераларын орнатуға кеңес береді. Олар мұндай қылмыстардың алдын алуда жақсы көмек, әрі қылмысты «ізін суытпай» ашуға ықпал етеді.