Облыстық кәсіпкерлер палатасында бизнесмендер наразылықтарын білдірді. Петропавлдағы көпқабатты үйлердің астында дүкені, дәмханасы немесе қызмет көрсету орны бар бизнесмендер «Севказэнергосбыт» ЖШС жылу үшін жіберген түбіртекпен келіспейді. Олардың айтуынша, жылу ақысы бұрыңғыдан бірнеше есеге негіссіз қымбаттаған. Мәселенің мәнін арна тілшілері баяндасын.


- Ну, по простому,грубо говоря нас грабят. Почему, потому что ссылаясь на эти вещи нам продают гигокллорий по каким то заоблочным ценам.


Бұл кәсіпкерлердердің жан-айқайы. Өңірдегі жылу тарифі өзгермеген, кәсіпкерлер тұтынатын жылу көлемінде де еш өзгеріс жоқ. Бірақ, былтыр жыл соңынан бастап кәсіпкерлер жылу ақысының бұрыңғыдан шамамен екі есеге қымбаттағанын байқаған. Бағаның өсуіне наразылық білдірген олар кәсіпкерлер палатасына шағымданды.


ШЫҢҒЫС ЖЫЛҚЫБАЕВ, СҚО КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

-  Біздің ойымызша «Севказэнергосбыт» ЖШС ісі дұрыс емес. Себебі, кәсіпкерлер көпқабатты тұрғын үйлердің 1-ші қабатында қызмет көрсетеді. Олардың жылу тұтыну көлемі өзгермеген. Бірақ, монополистер жылу ақысын шамамен 2 есеге қымбаттатқан. Нысанның шаршы метрі және арнайы коэффициенті назарға алынып, жылу ақысы негіссіз есептелген деп санаймыз.


Өз базынасын айта келгендердің бірі – Елена Игнатенко. Өзі заңгер. Петропавлдағы кеңселердің біріне иелік етеді. Кәсіпкердің 84 шаршы метрлік кеңсесі, жаңа есеппен 198 шаршы метрге айналып шыға келегн. Яғни, жылу ақысына бұрыңғыдан екі есе көп төлеп отыр.


ЕЛЕНА ИГНАТЕНКО, КӘСІПКЕР:

- Заңгер ретінде айтарым, біз тек тұтынған жылу үшін ғана ақша төлеуіміз керек. Бұл барлық құжатта жазылған. Неге біз қалтамыздан артық ақша шығаруымыз керек. Менің кеңсемде ешқандай өзгеріс болған жоқ. Қосымша, жылу батарейлерін де қосқан жоқпын. Мен барлық төлем парақтарын сақтап жүремін.Былтыр желтоқсан айында 7 гигокалорияға ақша төледім. Ал 2021 жылы 3 гигоколлорияға төледім. Тариф бағасында еш өзгеріс болмаса, түбіртектегі жылу құны неге өсіп жатыр?


Жиынға жиналған кәсіпкерлер «Секазэнергосбыт» ЖШС қосымша табыс табу мақсатында төлемдерді арттырып отыр деген пікірде. Ал, серіктестік директоры бұл сөзбен келіспейді. Себебі,енді монополист компания жаңа өзгерістерге сай үй астында орналасқан кәсіпкерлік нысан тұтынған жылуға емес, көлеміне баса назар аударады екен. Ал кәсіпкерлер бұл жаңашылдықтан бейхабар болып шықты.


МАҒАУИЯ САҒАНДЫҚОВ, «СЕВКАЗЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

- 2019 жылы жаңа өзгеріс қабылданды. Ал біз, оны нормативтік құқықтық актіге сай тек өткен жылдың сәуір айынан бастап іс жүзінде қолдана бастадық. Біз ешкімге жеке-жеке ешқандай түсінік бермейміз. Бізден келіп сұраса түсіндіреміз. Жылу ақысы берілу мөлшеріне қалай есептеледі. Дүкендерге ,кәдімгі үйлерге қарағанда жылу көбірек беріледі. Біз министрлік бекіткен «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» №90-шы бұйрығына , ережеге сай жұмыс істейміз. Бұл еліміздің барлық өңірлеріне қатысы бар.


Алайда, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының сөзінше, кәсіпкерлердің наразылығын тудырған есептеудің бұл түрі басқа өңірлерде қолданылмайды екен. Әзірге, көптің наразылығын тудырған бұл мәселе бір шешімін тапқан жоқ.



Жансая Қайыпова