СҚО полицейлері өткен жылы есірткінің ең ірі партияларының бірін тәркілеу бойынша материалдарды сотқа жіберді. Есірткі тасымалдаушыны сақшылар өткен жылдың тамыз айының басында құрықтаған. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметін әзірлеген материалға назар аударайық.


 «Астана-Петропавл» республикалық автожолында өңір полицейлері Гретта есімді қызметтік-іздестіру итін қолдану арқылы «Volkswagen Passat» автокөлігінің жүксалғышын тексеріп, үш полимерлі қапқа салынған марихуананың аса ірі көлемін анықтады.


- В мешке находится вещество растительного происхождения со специфическим запахом зелёного цвета) Оперативное видео 3 мешка марихуанны 


 Өткізу мақсатымен есірткінің заңсыз айналымымен жұмыс істеді деген күдікпен көліктің жолаушысы ұсталды. Ол Ақмола облысының «нашақор» ретінде есепте тұрған бұрын сотталған 49 жастағы тұрғыны екен. Ер адам полицейлерді жарты центнер марихуананы жеке мақсатта пайдалану үшін тасымалдағанына сендіруге тырысқан


Жангелді Әпенов- Петропавл қ. ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы:

- Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат кептірілген марихуана болып табылды. Салмағы 49 килограмм 370 грамм. Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауға алынды. Қылмыстық кодексітің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа жіберілді. Осы баптың санкциясы он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

 настоящее время задержанный арестован, уголовное дело направлено в суд по ст. 297 ч. 3 УК РК. Санкция данной статьи предусматривает наказание в виде лишения свободы сроком до 15 лет) 00005 00:42-00:54


 Былтыр облыста барлығы 241 есірткі құқық бұзушылығы анықталды. Оның ішінде 17-сі – есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау және 90-ы – өткізу фактісі. Заңсыз айналымнан 423 кг. түрлі есірткі заттары, оның ішінде 3 кг. 500 гр. синтетикалық есірткі тәркіленген.