Өңірдің су айдындары жасанды түрде оттегімен байытыла бастады. Биыл табиғат жанашырлары аталған шаруаларды әдеттегіден ерте қолға алып отыр. Өйткені көлдерде мұз қалыңдап, балықтардың тіршілігіне қауіп төнген.


Бұл өңірдегі ең үлкен су қоймаларының бірі - Шағалалы көлі. Аумағы 5 мың гектарды құрайды. Биыл қар аз. Ал мұздың қалыңдығы 1 метрге дейін жуықтаған. Сондықтан мамандар қазір мұнда аэрация жұмыстарын жүргізіп жатыр. Себебі балықтарға оттегі қажет. Табиғат жанашырлары болса арнайы құрылғының көмегімен мұз астындағы ауаның мөлшерін анықтауда. Көрсеткіш жаман емес.


- Здесь отношение кислорода получается 7,12 сотых. Это очень высокий показатель. 


Қаңтар- ақпан айларында қатқан мұздың астындағы оттегі таусыла бастайды. Әрі улы газды сыртқа шығару керек. Сондықтан жер-жерден ұңғыма қазылады. Ал, ауа жетпеген балықтар осы ойықтардың маңына жиналады.


ЕРІК СӘДУАҚАСОВ, ТАЙЫНША АУДАНДЫҚ АҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ ҚОРЫҚШЫСЫ:

- Биылдыққа біз ерте бастап жатырмыз, аэрация. Себебі мұздың қалыңдығы өсіп барады. Қар аз. Судың да мөлшері биыл аз болды. Екі жыл құрғақшылық болды. Сосын ерте бастап жатырмыз. Табан балығы бар, шортан балығы бар, алабұға тағы басқа балықтар бар. 


 Балықтың бірнеше түрі мекендейтін көлге, қысы-жазы қармақ салатындар да көп келеді.


-Поймали? – Поймал. 


Бүгінде өңірде 313 су қоймасы 151 кәсіпкерге жалға берілген. Жауапты мамандар көлдерді жасанды түрде оттегімен байыту жұмыстарын қатаң қадағалайды.


АНДРЕЙ ЛОПАЦКИЙ, ЕСІЛ ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙНДІК ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЫ:

- Жалға алушылар атқарған шаруалары жайлы бізге есеп беріп тұрады. Мұнымен қоса өзіміз де ауылдарға шығып тексеріп тұрамыз. Егерде талап отырдалмаса, келісімшарт бұзылады.


 Аймақтағы өзен-көлдердегі аэрация жұмыстары енді сәтін салса көктемге дейін жалғасады.