Н.Погодин атындағы орыс-драма театрында жөндеу жұмыстары басталды. Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту ЖӘНЕ архив ІСІ басқармасының мәліметінше, бұл жолы театрдың электр, жылу беру, өрт дабылы жүйелері күрделі жөндеуден өтпек. Осы мақсатта, облыстық бюджеттен 98 млн теңге қаражат бөлінген.


Театр ғимараты 1972 жылы салынған.Осыдан екі жыл бұрын мәдениет үйінің қасбеті мен ішіне қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілДІ.Жөндеу барысында театрдың фойесі өзгертіліп, екінші қабаты мен киім ілетін орны жөнделген. Айта кетейік, жалпы БИЫЛ өңірдегі 12 жобаны іске асыруға 873 млн теңге бөлінген.Оның 528 млн теңгесі «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында. 11 жоба облыс аудандарында іске асырылады дЕп жоспарланған.