Швецияның Эстерсунд қаласында парашаңғы мен парабиатлоннан өтіп жатқан әлем чемпионатында жерлесіміз Ербол Хамитов алтыннан алқа тақты. Қазақстандық спортшы украиналық Тарас Рад пен бразилиялық Кристиан Вестмаерды мәре сызығында артта қалдырды.


Айта кетейік,бұл Ербол Хамитовің осы біріншіліктегі екінші жүлдесі.Ол әлем чемионатының алғашқы күнінде парабиатлоннан қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Спортшыны жарқын жеңісімен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы құттықтады. «Ербол әлем біріншілігінің басты жарысында ерлік пен табандылық танытып, Швецияда Туымызды көкке көтерді. Ербол Хамитовты, жаттықтырушыларды және барша спорт сүйер қауымды осы жоғары жетістікпен құттықтаймын! Спортшыларымызға жаңа жеңістер тілеймін»,- деді өңір басшысы Айдарбек Сапаров