Петропавл қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «Өрт қауіпсіздігі» аптасы аясында кезекті оқу-жаттығуын өткізді. Бұл жолы құтқарушылар Заречный кентінде орналасқан № 13 орта мектебінде болып , шағын ауданның көктемгі су тасқынына әзірлігін пысықтады. Білім ордасында өңірдегі эвакуациялық бекеттердің бірі орналасқан.


Облыста «Төтенше жағдайлар министрлігімен қауіпсіз апта» акциясы өтіп жатыр. Мақсат – қауіпсіздік жайында тағы бір мәрте жұртшылықтың есіне салып, көктемде болуы мүмкін су тасқынына дайын болу. Құтқарушылар Заречный кентінде орналасқан № 13 орта мектебінде оқу-жаттығу жиынын өткізді.


РИЗАБЕК ТЕМІРБЕКОВ, ТЖ БОЙЫНША АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРІ:


 № 13 орта мектеп-ғимаратында су тасқыны болған жағдайда тұрғындар пана табатын эвакуациялық бекет орналасқан. Сондықтан мұнда жылына екі рет оқу-жаттығу өтеді. Қазіргі уақытта білім ордасында 180 оқушы болса, соның 18-і арнайы білім беру қажеттілігі бар бала.


 АБАЙ ҚАЙСИН, № 13 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:


 Құтқарушылар оқу жаттығу кезінде мектеп ұжымы мен оқушылардың ұйымдасқан әрекетіне жоғары баға берді. Жалпы Петропавлда осында 19 эвакуациялық бекет жарақтандырылған.