Астық пен дәнді дақылдардың жекелеген түрлерін импорттау және экспорттау кезінде заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2023-ші жылдың 10-шы ақпанынан бастап тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды міндетті ресімдеу шаралары қабылдануда. Әріптесім Майгүл Сейілбек әзірлеген бейнематериалға зер салайық.


 Тауарларға ілеспе жүкқұжат – белгілі бір жағдайларда тауарлардың

нақты түрлеріне ресімделетін электрондық құжат. Ол тауарлардың қозғалысын бақылауға, оларды салықтық және кедендік басқаруға қызмет етеді. Салықтық әкімшілендіру процестерін автоматтандыру және

цифрландыру аясында 2020 жылдың соңында ЕАЭО елдерінен

тауарларды әкелу және әкету кезінде ТІЖ енгізу жөніндегі пилоттық

жоба іске қосылды.


ҚАНАТ ҒАБДУЛЛИН, СҚО БОЙЫНША МКД ЕАЭО ШЕҢБЕРІНДЕГІ ҚҚС ӘКІМШІЛЕНДІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

-  ТІЖ енгізу есебінен ЕАЭО елдерінен жалған алушылардың атына тауарларды әкелу 2019 жылғы 10,2 мың фактіден 2021 жылы 259 фактіге дейін қысқарды. ЕАЭО елдерінен импортқа ҚҚС түсімдері 2021 жылы 2020 жылға қарай 35% - ға немесе 236 млрд. теңгеге ұлғайды. СҚО бойынша қарап өтсек өткен жылмен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны 18,6 пайыз құрады немесе 3,5 млрд теңгеге артық болды.


Жүргізіліп жатқан пилоттық жобаның оң нәтижелерін ескере отырып,

2023 жылғы 10 ақпаннан бастап астық пен дәнді дақылдардың жекелеген түрлерін импорттау және экспорттау кезінде ТІЖ-ді міндетті ресімдеу енгізіледі.


ҚАНАТ ҒАБДУЛЛИН, СҚО БОЙЫНША МКД ЕАЭО ШЕҢБЕРІНДЕГІ ҚҚС ӘКІМШІЛЕНДІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

-  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 қарашадағы бұйрыққа қол қойды. Бұйрыққа 56 позиция қамтиды. Қатты бидай, тұқымдар, себуге арналған бұршақ, арпа, зығыр, қара бидай немесе арпадан ажсзжалған жарма мен ұн. Құрамында крахмал жоқ өзге де өнімдер. Сұрақтар туындаған жағдайда длепартаменттің бейімді басқармасына 46-36-25 нөміріне немесе колл орталыққа 1414/3 нөміріне хабарласа аласыздар.


 Тауарға ілеспе жұққұжатын ұсынбау, атаулардың сәйкес келмеуі, құжатта тауарлар көлемінің дұрыс көрсетілмеуі кәсіпкерлік субъектісіне

байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 283-1-бабына сәйкес 5-тен 30 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға әкеп

соғады.



Майгүл Сейілбек