Өңір музыканттары Қостанайда өткен «Джаз-Бомонд -2022» халықаралық музыкалық фестивалінен оралды. Ол жақта әртістер классика, блюз, соул, заманауи аранжировка бағытында өнер көрсетті. Геннадий Брюхановтың жетекшілігімен эстрадалық және джаз музыкасы оркестрі жаңа концерттік маусымда өз көрермендерін жаңа жұмыстарымен қуантпақ.


 Музыканың джаз жанры жарқыраған, лирикалық болып келеді. 20 ғасырдың басында АҚШ-та пайда болған вокалды-аспаптық бағытта көптеген эпитеттер бар. Ал, Петропавлда оны Геннадий Брюхановтың жетекшілігімен эстрадалық-симфониялық музыка оркестрі халыққа таныстырып, дамытп келеді. 2000-шы жылы құрылған ұжымда бүгінгі күні 22 музыкант пен 3 вокалист өнер көрсетеді. Қостанайда «ДЖАЗ Бомонд-2022» халықаралық фестивалі пандемиядан кейінгі алғаш рет халықтың қатысуымен өтті.


МАРАТ ЗАКИРЬЯНОВ, ЭСТРАДАЛЫҚ-СИМФОНИЯЛЫҚ МУЗЫКА ОРКЕСТРІНІҢ МҮШЕСІ:

-  Менің ойымша кез-келген суретші мен музыкант үшін мұндай іс-шаралар, әсіресе басқа қалаларға барып, өнер көрсету өте маңызды. Себебі осылайша жаңа ортамен танысып, тәжірибе алмасасын.


Алена Паршина болса саксофонда ойнайды. Музыкант жергілікті өнер колледжін бітіріп, кейін Мәскеу мемлекеттік мәдениет және өнер университетінде білімін жалғастырған.


АЛЕНА ПАРШИНА, САКСОФОНШЫ:

-  Джаз оркестрінде саксофонның баритон, тенор және виола деген үш негізгі түрі бар. Олар ауқымы бойынша және сыртынан ерекшеленеді.


Қазан айында Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан филармониясы жаңа концерттік маусымды ашты. Енді эстрадалық және джаз музыкасының оркестрі өз көрермендерін жаңа туындылармен қуантпақ.


ГЕННАДИЙ БРЮХАНОВ, ЭСТРАДАЛЫҚ-СИМФОНИЯЛЫҚ МУЗЫКА ОРКЕСТРІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

-  Жақында концертімізде «Бремен музыканттары» қойылымынан үзінділерді ойнамақпыз. Сол шараға қызу дайындық үстіндеміз.


 Концерттік маусым енді ғана басталды, көрермендер қауым сүйікті әртістерімен қайта қауышуды асыға күтуде.