Өңірде бір көзден алу тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алулар саны 26 пайызға қысқарған. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің 93 пайызы электронды форматқа ауыстырылды. Бұл туралы Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдасырылған форумда айтылды.


 Қоғам дертіне айналған жемқорлықпен күреске барлығы бірдей жұмылуы тиіс. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып әрекет етудің арқасында ғана оның көзін жоюға болады. Бүгінгі күні бұл жұмыс бізде басталып та кеткен.


АЙДОС ЖҮНІСОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

-  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің жұмысы бүгіндері превенцияға көңіл бөліп отырмыз. Біздер құқық қорғау органдарымен бірлесіп, белгілікті бір салалардағы көкейкесті мәселелерді анықтап, мысалы экономика болсан, басқа да салаларда болсын талдау жасап, тәуекелдерді анықтап, соларды жою үшін әрекет етіп жатырмыз.


Мұндай жұмыс өз нәтижесін беруде. Айталық биыл 20 басқармада жүргізілген ішкі талдаулардың арқасында 232 жемқорлық тәуекелі анықталып, оның 175-і бүгінгі күнге дейін жойылған.


СӘТЖАН АБЛАЛИЕВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікпен бірлесіп бүгіндері Петропавл қалалық әкімдігінің ТҮКШ бөлімінде сыртқы талдау жұмыстары жүргізілуде. Квазимемлекеттік сектеорда да жемқорлықпен күреске ерекше көңіл бөлінеді. 27 ұйымда талдау жүргізілді. 18 қауіп анықталды. «Солтүтік» ӘКК сыртқы талдау жүргізіліп 40 тәуекел анықталды. 34 жойылып, 6-уы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.


 Бір кездері мемлекеттік сатып алулар да майшелпекке айналған-ды. Енді бұған тоқтау салынбақ. Өйткені, өңірде бір көзден өткізілетін мемлекеттік сатып алулар саны 26 пайызға қысқарған. Тағы мемлекеттік қызметтердің 93 пайызы электронды түрде беріледі. Бұл да бармақ басты көз қысты әрекеттерді болдырмаудың жолы. Жалпы бүгіндері жемқорлықпен күреске барлығы білек сыбана кіріскен. Сондықтан жиын барысында олардың бірқатары марапаттарға ие болды.


 Ал мына видеороликті «Дарын» мектеп-лицейінің оқушылары әзірлеген. Олар бұл жұмысты байқауға арнайы дайындап, бірінші орын алды. Жастардың еңбегі бүгін назарсыз қалмады.


ВИКТОРИЯ ЛЫСЕНКО, «ДАРЫН» МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ «АДАЛ ҰРПАҚ» КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Бейнероликте дәрігер болуды армандаған қызды көрсеттік. Бірақ парақорлар оны мақсатынан айырды. Жемқорлықтың шырмауына іліккен талай жандардың жолы болмайды. Сондықтан онымен күрес жүргізуге бізде өз үлесімізді қосқымыз келді. Осыған дейін мектептер арасында өткен байқауда бұл жұмысымыз бірінші орын алған болатын. Бүгін де біздің еңбегімізді бағалап жатқандарына қуаныштымыз.