Уәлиханов ауданында жыл басынан ауыл шаруашылығы саласында ішкі өнім 103 процентке артып, 39 млрд теңгені құрады. Саалаға тартылған инвестиция көлемі де 11 пайызға көбейіп 5,6 млрд теңгені құрады. Аудан диқандары автокөлік паркін жаңартып, дәнді дақылдардың жаңа түрлірені егіп, жақсы өнім алды. Бұдан бөлек ауданда сүт фермалары салынып, жол, су мәселелері біртіндеп шешіліп жатыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте аудан әкімі Қайрат Пішенбаев айтып берді.


 Қазіргі уақытта Уәлиханов ауданы халқының 95% - ы таза сумен қамтылған. 10 ауылда су тазарту жүйесі орнатылған. Былтыр Қаратау ауылына 36 млн теңгеге су тарату желілері салындыы.Автомобиль жолдарының сапасы д назардан тыс қалмады. Соңғы 2 жылда ауыл ішілік жолдарды салу және жөндеу бағытында бірқатар жұмыс жүргізілді. 2021 жылы аудан орталығы Кішкенекөлде 16 шақырымға асфальт төселді.


ҚАЙРАТ ПІШЕНБАЕВ, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- ауданымызда бірнеше маңызды инвестициялық жоба іске асуда. Жаңа 3 сүт тауарлы фермасы салына бастады. Кішкенекөлдің орталығында Жолдасбай агро 1200 басқа арналған 5,2 млрд теңгеге ферма салып жатыр.



Майгүл Сейілбек