Петропавлда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ерлер командалары арасында волейболдан ашық облыстық турнир өтіп жатыр. Онда жеті құрама өнер көрсетуде. Тартысты ойын қалай өтуде? Бейнематериалға назар аударайық.


Бүгінгі ойынға әр-түрлі салада білім алып жатқан колледж студенттері академия курсанттары және «Жеңіс» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің білім алушылары қатысуда. Алғаш рет осындай ауқымды алып отырған турнир Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде өтіп жатыр.


АЛПАМЫС МАҒАУИН, СҚ КӘСІПТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ НҰСҚАУШЫСЫ:

- 8 желтоқсан - ерлер командалары арасында волейболдан ашық облыстық турнирдің ойындары басталып кетті. Негізі жарыс 2 күн бойы өтетін болады. Оған Ұлттық ұлан академиясы, «Жеңіс» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, машина жасау және көлік колледжі, жоғары медициналық колледж, СҚУ колледжі мен өзіміздің педагогикалық колледж балалары қатысуда. Әр құрамада 12 баладан. Олар қазіргі таңда екіге бөлініп ойнауды. Бірінші топта – төрт құрама, екіншісінде үшеу. Енді жарыста нағыз мықтылар жеңіске жетеді деп ойлаймын.


Нұркен Тоқбай - Ұлттық ұлан академиясының 4 курс курсанты. Оның айтуынша осындай ойындарды жиі өткізу өте пайдалы. Тек денсаулыққа қана емес, студенттер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастың нығаюына көмектеседі.


НҰРКЕН ТОҚБАЙ, ҰЛТТЫҚ ҰЛАН АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КУРСАНТЫ:

- Өзіміз академия арысында іріктеу болып, осы академиядан команда құрамында келіп отырмыз. Бұл жарысқа биыл бірінші рет қатысуымыз. Барлық командаға сәттілік тілеймін.


 Жарыс жеңімпаздары 9-желтоқсан күні анықталады. Оларға алғыс хаттар мен кубоктар табысталады.



Айнұр Досан