Желтосқан оқиғасына әлі лайықты баға берілмей келеді. Петропавл қалалық мәдениет үйінде өткен кездесу барысында 1986 жылы өткен көтеріліске қатысушылар осындай пікір білдірді.


 Биыл ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 желтоқсанды мереке емес, еске алу күні ретінде атап өтуді ұсынған болатын. Мұны жиынға қатысушылар қолдап отыр. Өйткені, ызғарлы желтоқсан оқиғасы кезінде талай қазақ жастары қанын төгіп, ел егемендігі жолында қаза тапты. Сондықтан бұл күні дуамандатып той-тойлау дұрыс емес. Тағы, іс-шараға қатысушылар желтоқсан оқиғасының куәгерлеріне ешқандай жеңілдіктер қарастырылмаған дейді.


 БОТАШ ҚАЖЫМОВ, «ЖЕЛТОҚСАН АҚИҚАТЫ» ҰЙЫМЫ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ:

- Әлі толық баға берілген жоқ желтоқсан көтерілісіне. Мысалы, Чернобыльде болған, Тәжік шекарасында болғандар мен Ауған жерінде болғандарда статус бар. Желтоқсандықтарда статус жоқ. Біз тек саяси құрбандармен бірдей қылған. Статус бермей ешқандай маңызы жоқ деп ойлаймын.