Отбасы шырқын бұзып, полицейлерде тіркеуде тұрған жанжалқойлармен психолог кездесті. Іс-шараны "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы аясында Петропавл полицейлері ұйымдастырды.


Тұрмыстық жанжалдардың пайда болуын талдау, балалармен қарым – қатынас орнату, эмоционалды тепе-теңдікті сақтау, суицидтің алдын алу-бір сағаттық дәріс барысында отбасылық-тұрмыстық қатынастардың негізгі тақырыптары көтерілді. "Демеу" жеке коммерциялық емес мекемесінің клиникалық психологы, танымал YouTube арнасының авторы Резеда Баймұхаметова дәрісе қатысушылардың әрқайсысымен жұмыс істеді.


 РЕЗЕДА БАЙМҰХАМЕТОВА, «ДЕМЕУ» МЕКЕМЕСІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГЫ:

- СҚО "талдау кеңесі" мен полиция департаменті арасындағы меморандум аясында бүгін біз адамдармен кездесу өткіздік. Олар құқық бұзушылыққа бейім болады. Дәріс сәтті өтті, ақпаратты жақсы қабылдады. Дәріске қатысқан адамдар-өз өмірін өзгертіп, табысты, Қазақстан Республикасының адал азаматтары болады деген үміт бар.


Полицейлер қараша айының соңында ел көлемінде басталған "зорлық-зомбылықсыз 16 күн " акциясына белсенді қатысуды жалғастыруда. Құқық қорғау органдары қызметкерлері ең алдымен адамдарға отбасындағы моральдық зорлық-зомбылықтың жолын кесуге болатынын және қажет екенін айтуда.


ӘСЕМ ІЛИЯСОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

- Тұрмыс саласында жеке тұлғаға қарсы құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаған адамдармен тренинг өткізілді. Бұл жұмыс жалғасады. Акция кезеңінде 1000-нан астам құқық бұзушы тартылды. Науқан 10 желтоқсанға дейін жалғасады.


Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мамандардың кеңесі мен қажетті көмегін 49-31-58 және 61-25-30 телефондары немесе 150 республикалық call-орталығына хабарласу арқылы ала алады. Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторына немесе "102"арнасына хабарласуға болады.