Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Айыртау ауданында әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика сақталуда. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайту, жаңа өндірістерді қалпына келтіру және құру, туризмді дамыту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру басым бағыт болып қала береді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Ерболат Бекшенов айтып берді.


 Ауданда 249 ауыл шаруашылығы құрылымы бар. 2022 жылы егіс алқабы 426 мың га құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 95,5 млрд теңгеге дейін жетті. Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарымен биыл ауыл шаруашылығы техникасы айтарлықтай жаңартылды, 241 бірлік сатып алынды, салаға 5 млрд теңгеден астам инвестиция құйылды. Сондай-ақ 87 бас асыл тұқымды мал жеткізілді.

2022 жылдың 10 айында өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 6 793 млн теңгені құрады. Саумалкөл ауылында "Tezis" ЖШС жобасы іске қосылды. Өндіріс ошағын жаңғыртуға 514 млн теңге жұмсалды. Қазір жылдық қуаты 700 тонна дайын өнім шығаратын цех сүтті өңдеуге және жұмсақ ірімшіктер шығаруға қауқарлы.


ЕРБОЛАТ БЕКШЕНОВ, АЙЫРТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

-  2022-ші жылдың 1-ші қараша жағдайы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі ..... негізгі үлес және жеке инвестициялар  Жылдан жылға туризм саласы дамып келеді.....Соңғы 5 жылда 4 млрд инвестиция 4,41 конец үйлер жаңартылды



Майгүл Сейілбек