«Тәуелсіз елдің спорт өнері жайлы». Дәл осындай атаумен Петропавлдағы дарынды балаларға арналған спорт мектеп интернат-колледжінде дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға өңірімізге белгілі спортшылар қатысып, білген-түйгенімен бөлісті, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Тақырыпты тілші жалғасын.


Кездесуге халықаралық спорт шеберлері, Рио-де-Жанейро олимпиадасының қатысушылары Маргарита Мукашева, Ирина Эктова және ардагер жеңіл атлет Александр Мицих, дзюдодан Азия біріншілгінің жүлдегері Назгүл Маратова қатысты. Спортшылар мансап жолындағы қызықтарын баяндап, түйген тәжірибелерімен бөлісті. Өз кезегінде балалар да қызықтырған сауалдарын қойды. Спорт мектебінде тәжірибелі спортшылармен кездесулер жиі ұйымдастырылып тұрады. Мұндағы мақсат бір. Ол балаларға серпін беру. Мәселен кездесуге қатысқан белгілі дзюдошы Назгүл Маратова дәл осы мектептің түлегі. Артынан ерген іні сіңлілеріне берер жалғыз ғана кеңесі бар. Ол еңбекқор болу.


НАЗГҮЛ МАРАТОВА , ДЗЮДОДАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА МҮШЕСІ:

- «Бұндай іс шаралар өткізіп тұру өте маңызды. Жас спортшыларға бұл бағдар беруге көмектеседі. Біздің облыста осындай тұлғалар бар екенін көрсету керек. Олардың қолдарынан келсе, демек сендердің қолдарынан келеді дегенді жеткізгіміз келеді.++ Өзімнің артымнан еріп келе жатқан дзюдошыларға еңбек етіңдер деп кеңес бермін әрдайым. Айналысып жатқан спортын жан тәнімен ұнату керек. Берілмеу керек. Түбі нәтиже болады.»

 

Мектепте білім алып жатқан балалардың барлығы болашағынан үлкен үміт күттірген спортшылар. Мәселен, Мансұр Ермеков спорт мектебінің 9 сынып оқушысы. Бозбала жастығына қарамастан еркін күрестен спорт шеберлігіне үміткер. Болашақта олимпиада алтынын қанжығалауды жоспралап та қойыпты.


 МАНСҰР ЕРМЕКОВ, 9-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

- «Бүгінгі дөңгелек үстелге үш спортшымыз келіп жатыр. Олардан мен сияқты балалар мотивация алады деп ойлаймын.+ Өздерінің ақыл ойларымен бөліседі. Болашақта еркін күрестен әлем және олимпиада чемпионы болғым келеді. Солтүстік Қазақстан атын шығарғым келеді. Бұл кез келген спортшының арманы.»


Қазіргі уақытта Дарынды балаларға арналған спорт мектеп интернатында 300-ге жуық оқушы білім алады. Мекеме 13 спорт түрі бойынша спортшылар даярлайды.



Әміре Ақбатай