Петропавлда полицейлер жер үйдің ауласынан мың жеті жүз литрден аса контрафактілік алкоголь тәркіледі. Оның Жұмысшы кентінің 61 жастағы тұрғыны қора-қопсысында жасырып келген.


 Сонымен қатар, тәртіп сақшылары әр түрлі маркалы акцизденбеген 4 мың қорап темекімен бірге 1735 литр арақ пен коньяк, одан бөлек осы ішімдіктерді жасырын жасайтын спирт тәркіледі. Алынған өнімнің үлгілері сараптамаға жіберілді. Әкімшілік материал жиналды. Қазіргі уақытта тәркіленген өнімнің қайдан алынғаны және өткізу жолдары анықталуда. Сапасына ешкім кепілдік бермейтін заңсыз спирт өнімін пайдалану денсаулыққа қауіпті екендігін ескертеміз. Бұдан бөлек, спирттік ішімдіктер ауыр қылмыстардың жасалуына себеп болады. Заңсыз алкогольді тәркілеудің әр фактісі – оның таралуына тосқауыл болып табылады.