Ғабит Мүсірепов ауданына қарасты Ковыльное ауылында орналасқан «Ақселеу» ЖШС-і «Парыз» байқауының «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» аталымында үздік деп танылды. Мұнымен қоса, «Радуга» серіктестігі «Экологияға қосқан үлесі үшін» алтын мүсіншесімен марапатталды. СҚ-ға ғана емес барша елде үлкен бедел мен абыройға ие кәсіпкерлерге марапатты Елордада ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Мемлекет басшысы Қ-Ж Тоқаевтың қатысуымен өткен салтанатты жиында табыс етті.


 Ғ.Мүсірепов ауданына қарасты Ковыльное ауылы облыс орталығынан 400 шақырым жерде орналасқан. Алайда шалғай орналасқанына қарамастан елді мекенде тұрғындарға тұрмысқа қолайлы жағдай жасалған. Оның бәрі осы елдің бас көтерер азаматы, меценат Серік Малаевтың арқасы. Кәсіпкер егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысады. Серіктестік меншігінде 20 мың гектар жер бар. Дәнді және майлы дақылдарды өсіреді. 2013-ші жылы құны 155 млн теңгені құрайтын мал шаурашылығы кешенін ашып, герефорд асыл тұқымды қара малдың 700 басын алған.


СЕРІК МАЛАЕВ, «АҚСЕЛЕУ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

-  Биылғы жылы бас 544-ке жетті. Асыл тұқымды болғаннан кейін басы тез өспейді, өтйкені басқа жерден мал алып қоспаймыз.Элита сатамыз 1ші категорияға жатады малдың барлығы.  Біздің бұқалар Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Орал, Шығыс Қазақстаннан, Оңтүстіктен малшылар алады. Олар өздерінің малының сапасын арттыру мақсатында.


 Бүгінде елді мекенде 400-ге жуық адам түтін түтетіп отыр. Басым бөлігі серіктестікте еңбек етеді. Кәсіпкер ауыл халқының әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында соңғы 4 жылда жаңадан 21 үй тұрғызды. 2018-ші жылы зығыр сабанымен жұмыс істейтін қазандық орнатып, әрбір үйді орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосқан.Жоба құны 76,4 млн теңге. Бұдан бөлек кәсіпкер жарма өндіру цехының құрылысын аяқтауға шақ қалды. Жоба құYы 150 млн теңге. Мұнда жасымық пен арпа қайта өңделмек. Өнім Солтүстік пен Ақмола облысында сатылмақ.


СЕРІК МАЛАЕВ, «АҚСЕЛЕУ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Халыққа жем-шөп жағынан жеңілдік беріледі. 50 пайызға арзандатылған. Жазда огородтарын жыртып, картошка егулеріне көмектесеміз. Қоқысты шығаруға көмектесеміз. Және шаруашылықта істейтін маман ата-ана болып жатса 1 жасқа толғанша ай сайын 160 мың теңге көлемінде көмек көрсетеміз.


Ал, бұл халыққа пісте, жүгері таяқшасы, попкорн, сулы және қағаз майлықтар мен сұйық сабын сынды басқа да тауарларымен жақсы таныс өз ісіне берік «Радуга» ЖШС-і. Биыл компания қағаз өндірісін де қолға алды. Жаңа бағытты дамыту үшін жобаға 2,5 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. Басты мақсат – ішкі нарықты қамтамасыз етіп, импортқа тәуелділікті азайту. Әзірге тәулігігіне А4 форматтағы 1500 қорап қағаз шығарылады. Болашақта өндіріс көлемі ұлғайтылмақ.


ДМИТРИЙ ШАРАПАЕВ, «РАДУГА» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Біздің қағаздың бағасы импорттық өнімнен арзан. Бастапқыда өңірдегі ішкі сұранысты қамтамасыз етеміз. Біртіндеп Ресейге экспортқа шығамыз. Болашақта картон өндірісін қолға алу жоспарда бар.Жылына 10 тонна өндіру жоспарда бар.


 Сонымен қатар фабрикада гигиеналық және санитарлық қағаздардың бірнеше түрі жасалады. Барлығы 20 түрлі тауар өндіріледі. Облыс пен ел аумағында үлкен беделге ие кәсіпкерлер қол жеткізген жетістіктері үшін «Парыз» байқауының «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» және «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымында үздік деп танылды. Марапатталғандардың қатарында бұдан бөлек «Зенченко и К» мен «Мәмбетов және Компания» серіктестіктері де бар.Жалпы, биыл байқауға қатысуға Қазақстаннан 479 ұйым өтінім білдірген.



Майгүл Сейілбек