Үздік әлеуметтік педагог. Петропавлда осындай атаумен ұстаздар арасында байқау өткізілді. Оған 18 мұғалім қатысып, қазылар алқасына өздерінің жұмыстарын таныстырды. Олар қиын жағдайға тап болған және дарынды балалармен жұмыс жасау, тағы оқушылардың спортқа деген қызығушылығын ояту сынды тақырыптарды көтерген.


 Қаз-қатар тізілген бұл жандар өңірдің үздік әлеуметтік педагог байқауының қатысушылары. Олар конкурстың алғашқы кезеңінен сүрінбей өтіп, бүгін қазылар алқасының алдында өз жұмыстарын қорғамақ.


ГҮЛНӘР ҚАСЕНОВА, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

- 21 қарашадан бастап «Үздік әлеуметтік педагог» байқауы жүріп жатыр. Бүгін 2-ші туры. Осыған дейін 26 қатысушы өз жұмысын жіберді. Соның 18 бүгін осында келіп отыр. Ең біріншіден байқайтынымыз ол – өзінің бағдарламасын жұмысында қалай қолдана біледі. Әрбір қатысушы өзінің жұмысында қазіргі күні өзекті деген жұмыстарын әкеліп отыр.


Кейін қатысушылар өз жұмыстарын қорғап бастады. Ал Тимирязев ауданынан келген Жанар Есқожина дайындық үстінде. 10 жылдық тәжірбиесі бар ұстаз байқауда бүгінгі қоғам үшін өзекті деген мәселені қозғамақ. Ол қиын жағдайға тап болған балалармен жұмыс жасайды. Мұндай жағдай тек әлеуметтк аз қамтылған отбасыларда ғана емес, ауқатты жанұяларда да кездесуі мүмкін дейді педагог.


 ЖАНАР ЕСҚОЖИНА, ЖАРҚЫН ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГЫ, ТИМИРЯЗЕВ АУДАНЫ:

- Әртүрлі әлеуметтік жағдайлармен балалар әжелерінде тәрбиеленеді. Жауапкершлікітен қашады жас аналар. Сондықтан біздер алдын алу жұмыстарын жүргіземіз. Сондай отбасылар болмаса екен деп. 3 бағытта жұмыс істейміз. Ана-аналармен, оқушылармен және мұғалімдермен. Күн ұзақ ондай бала біздің бақылауымызда жүреді. Ол проблемаларын ұмыту үшін мектептегі іс шараларға тартамыз. Ата-анасының жиналысқа келуін қамтамасыз етеміз.


Тағы бұл ретте ювеналдық полиция қызметкерлері де жұмысқа тартылады екен. Сондай-ақ, байқауда тағы дарынды балалармен жұмыс істеу, оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру сынды тақырыптар қозғалды.