Полицейлер мен ардагерлер Аққайың ауданының жастарына патриоттық кедесу өткізді. Ұрпақтар кездесуі форматындағы «ерлік сабағы» Смирново ауылындағы орталық аудандық кітапханада өтті. Бейнематериалға назар аударайық.


 Солтүстікқазақстандық полицияның тарихына көптеген ашылған резонанстық қылмыстар, елеулі жетістіктер тиесілі, сондай-ақ офицерлер мен сержанттардың жанқиярлығы мен батылдығы туралы жүздеген оқиға бар. Полицейлер кездесуге әкелген ведомстволық музейдің жылжымалы көрмесі ауыл оқушыларының шынайы қызығушылығын тудырды. Полиция музейінде бұрынғы Советское ауданы, қазіргі Аққайың ауданының тумасы, петропавлда учаскелік инспектор болған Алексей Щербаков туралы мәлімет сақталған. 1990 жылы 2 тамызда милиция майоры Щербаков Жұмысшы кентінің Урожайная көшесіндегі үйде болған отбасылық жанжалды тоқтатуға шақыртылды. Мас бұзақыны тыныштандарып жатқанда Алексей Щербаков ұстарамен ауыр жарақат алды. 42 жастағы тәртіп сақшысы ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Бүгінде аудан орталығы Смирново ауылындағы көшелердің біріне милиционердің есімі берілген. № 1 Смирнов орта мектебінің қасбетіне ескерткіш тақта орнатылды. Сондай-ақ онда полицейдің жұмыс формасы, планшет, учаскелік құжаттар мен фотосуреттері сақталған. Облыстық полиция музейінің меңгерушісі Любовь Осинская мен қорлардың сақтаушысы Нина Бенграф Алексей Щербаков пен қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан солтүстікқазақстандық милицияның тағы 8 қызметкері туралы музейге келетін барлық адамдарға әңгімелейді.


ӘМІР НҰРЛАНОВ, 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

- Бүгін ерлік сабағына қатыстық. Биыл Петропавлда құрылғанына 33 жыл толған музей бар екенін білдім. Қызмет атқару кезінде ерлігімен ерекшеленген полиция қызметкерлері туралы мәліметтер сақталған екен.


НАИЛЬ ҒАЛИЕВ,11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

- Осы іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз. Бұндай кездесулердің тәрбиелік мәні зор. Ардагерлер мен қызметкерлер тәжірибелерімен бөлісті. Бұл іс-шарадан өте пайдалы, қызықты мәліметтер алдық.


«Ерлік сабағына» қаза тапқан милиционердің қызы Наталья Щербакова, ардагерлер, аудандық полицияның қызметкерлері, полиция департаментінің мәдени орталығы, жастар мен оқушылар қатысты.


СЕРГЕЙ АКИМКИН, ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

- Тоқшын ауылында қалай учаскелік полиция инспекторы болғаным туралы сұрақтар қойылды. Мен өз ойыммен бөлістім. 80-90 жылдары атқарған қызметім жайлы оқушыларға, жас қызметкерлерге айттым. Бұрындары ГАЗ 53, УАЗ көліктерін міндік. Жаз кезінде "Урал", "Днепр" мотоциклдарымен жүрдік. Жақсы қызмет атқардық. Штатымызда – ерікті халық жасағы болды. Бізге жақсы көмек болатын.


 Осы сияқты патриоттық іс-шаралар жас ұрпаққа өз еліне ерекше көзқараспен қарауға, тарих пен мәдениетті ұғынуға, сондай-ақ елдің дамуына қосатын үлесін түсінуге көмектеседі.