Биыл еліміз Алаш қозғалысының құрылғанына 105 жыл толуын атап өтуде. Бұл қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға. Өйткені олар ұлттық мемлекеттіліктің негізін қалады. Осыған орай С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Алаш қозғалысы және қазақ зиялылары» атты дөңгелек үстел өтті.


Жиынға тарихшылар қатысып, Алаш қозғалысына қатысты өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп, баяндамаларын оқыды. Алғашқылардың бірі болып сөз алған ҚР ҰҰ академиясының оқытушысы Бахыт Қалиев алашордалықтардың көзсіз ерлігі жайлы айтып өтті. Сонау қиын заманда олар тарихи тұрғыдан қазақтарға тиесілі жерлердің қайтарылуына қол жеткізіп, еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін аянбай күрескен.


БАХЫТ ҚАЛИЕВ, ҚР ҰҰ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ:

-  Олар ХХ ғасырдың басындағы тың үрдістерді пайдаланып, жеріміздің тұтастығын сақтап қалу үшін ата-бабаларымыз жүгізген күресті жалғастырды. Сондықтан біздер олардың осынау ерлігін ұмытпауымыз қажет. Әсіресе, жастар алашордалықтардың еңбегін зерттеп, насихаттауға үлес қосу керек. Өйткені, Кеңес дәуірінде мұндай тақырыптар қозғалмаған.


Шыныменде, Кеңес заманында алашордалықтар тақырыбы жабық болған. Тіпті тарихшылар үшін де олар жайлы ақпартты зерттеу қиын болды деп еске алады 33 жылдық тәжірбиесі бар ұстаз Бақытжамал Қанафина.


 БАҚЫТЖАМАЛ ҚАНАФИНА, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ІТ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

-  Алаш зиялылары жайлы өзім тарих факульетінде оқысам да ешқандай ақпарат берілмеді. Біз олар туралы ақпартты алған жоқпыз. Ақпарат болған жоқ деп айтуға болады. Замандастарымызды барлығы үшін жауап бермепймін. Бірақ 50-60 пайызы білмейді десем қателеспеймін. Бірақ қазіргі кезде өзгерістер бар. Барлық желілерде, ғаламторда көп мәліметті алуға болады. Бұрынғыдай ақпарат тапшылығы жоқ. Жастардың да осы тақырыпқа деген қызығушылығы зор.


 Сондықтан осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғыстыру қажет.