Петропавлдағы Қазақстан халқы ассамблеясында республикалық лекторий өтті. «қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту саласындағы қоғамдық құрылымдардың рөлі» деп аталған жиынға көрші облыстардан келген мамандар қатысып, баяндама жасады. Тақырыпты тілші жалғастырады.


«Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту саласындағы қоғамдық құрылымдық құрылымдардың рөлі» атты лекторий елдің барлық өңірінде өткізіліп жатыр. Басты мақсат қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз етуде Ассамблеяның қоғамдық құрылымдарының рөлін жандандыру. Іс-шара барысында ҚХА басқа өңірлерден келген өкілдері баяндама оқып, тәжірибелерімен бөлісті.


МАРИЯ ТАТАРЕНКО, "ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ" КММ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- «Бұл жоба тәжірибе алмасуға, өзекті идеяларды ілгерілетуге көмектеседі. Лекторий дегеніміз пікір алмасып, тәжірибе бөлісу мақсатында өткізіледі. Бұл жоба ассамблеяның жұмысын нығайтып, еліміздегі ұлт аралық бірлікті сақтауға оң әсерін береді деген ойдамын.»


 Кездесу барысында АЛЫС-ЖАҚЫН өңірлерден келген қонақтар сөз сөйледі. Шараға келген арнайы қонақтардың бірі Марат Қойшин. Ол Ақмола облысындағы "Қазақ тілі мен мәдениеті" қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Өз баяндамасында мемлекеттік тіл мәртебесіне екпін берді.


МАРАТ ҚОЙШИН , «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН МӘДЕНИЕТІ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ:


Сондай-ақ іс-шараға қатысушылар арасында аналар кеңесі, қоғамдық келісім, медиация, ғылыми-сараптамалық қоғамдастық және "жастар Ассамблеясы"өкілдері болды.