30 қарашадан бастап Петропавлда Қостанай облысының медиа сауаттылық үйлері мамандары семинарлары мен тренингтер өткізіп жатыр. Сарапшылар қазіргі медиа кеңістіктегі жалған ақпарат және онымен күресу жолдары туралы айтады. Ақпараттық кездесулер университетте, қала кітапханалары мен оқушылар сарайында ұйымдастырылған.


 Семинар-тренингке жиналғандар ақпаратқа фактчекинг жасауды үйренеді. Білім беру кездесулері бірнеше сессиядан тұрады. Олардың бірі: медиадағы жалған ақпарат: дереккөздер мен әдістер. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар Қазақстанда құрылған, халықаралық деңгейде медиа сауаттылықты арттыру бойынша дайындалған - "Медиа Джунгли" танымдық ойынында өз білімдерін тексереді.


АЙСҰЛУ ШАЙКЕНОВА, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ «ЖУРНАЛИСТИКА» КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Жалпы бүгін ақпарат ағымы тоқтаусыз. Сол себепті ақпараттың ішінде фейк ақпараттар да кетіп жатыр. Соның ішінде әсіресе "Медиа Джунгли"- ге байланысты, ойын ретінде өтетін шеберлік сыныбы да өте керемет әдіс. Меніңше осы 3 күн бойы өтіп жатқан әріптестерімнің сабағы, келешекте өз ортамызда әрқайсымыздың медиасауатты болуымызға ықпал етеді.