Петропалда құбыр жарылып, 15 көпқабатты үй мен бірнеше әлеуметтік және коммерциялық нысандар сусыз қалды.


Апат Мағжан Жұмабаев пен Сәбит Мұқанов көшелерінде кеше сағат 18.00 шамасында болған. Жағдай қазір біртіндеп қалпына келтірілуде. Дәл қазіргі сәтте 600-ден астам абонент пен қаладағы ең ірі наубайхана, оңалту орталығы, мен мен бірнеше кеңсе сусыз отыр. Мамандардың айтуынша екі құбыр жалғанған жер сөгіліп кеткен. Коммуналдық қызмет өкілдері түні бойы жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бірнеше үйдің ауласын су басып қалды. Естеріңізге сала кетсек, облыс орталығында өткен айда ғана ірі апат тіркелген болатын. Қаладағы су құбырларының 70 пайызға жуығы тозған.


ЕРБОЛ НӘБИЕВ, «ҚЫЗЫЛЖАР СУ» ЖШС БАС ИНЖЕНЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Жөндеу жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Апаттың себебі анықталуда. Шығын көлемі әзірге белгісіз. Былтыр ғана ұзындығы 400 метрге жуық су трассасы ауыстырылған болатын. Кепілдік мерзімі аяқталған жоқ. Сондықтын біздің және тұрғындардардың шығынын мердігер компания өтейтін болады.