ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров СҚО-ның әкімі болып тағайындалды. Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Петропавл қаласына келіп, Солтүстік Қазақстан облысының барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының жиналысына қатысты. Премьер-Министр Мемлекет басшысының өңір әкімі лауазымына Руслан Анбаев және Айдарбек Сапаровтың кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқып берді.

Дауыс беру нәтижесі бойынша 153 депутаттың 118-і А. Сапаровтың кандидатурасына дауыс берді, 35 депутат Р. Анбаевты таңдады.

Айдарбек Сейпілұлы 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауылшаруашылығы институтын , Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін зооинженер мамандығы, мемлекеттік басқару бакалавры бойынша тәмамдаған. Жұмыс істеген жылдары қатардағы қызметкерден бастап басшыға дейін әртүрлі лауазымдарда еңбек етті. Облыстағы екі бірдей ауданда әкім болды, өңір басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Ал, 2019 жылдың наурызынан бері Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі қызметін атқарып келді.