Айыртау ауданының прокуратурасы "Бос орындар жәрмеңкесі" іс-шарасын өткізді. Мақсат- кәмелетке толмаған балалардың пайдасына алимент төлемдерін өндіріп алу және мемлекет кірісіне сомаларды өндіріп алу бойынша борышкерлерді жұмысқа орналастыру болып табылады.


 Борышкерлерді жұмысқа орналастыру мәселесі өзекті болып табылады. Бүгінгі таңда Бос орындар жәрмеңкесі-жұмысқа орналасуға үлкен сеп болып отыр. Жергілікті атқарушы органдар ауданның сот орындаушыларымен бірлесіп борышкерлерге ауданның жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасу тәртібі және жұмыссыз ретінде есепке қою қажеттілігі туралы тұрақты негізде түсіндіреді.Жергілікті жерлерде әкімдік қызметкерлері, сот орындаушылары, полиция, прокуратура қызметкерлері қатарынан жұмыс топтары құрылды. Сот орындаушылары жергілікті атқарушы органдарға ай сайын проблемалы борышкерлердің тізімдерін жібереді және оларды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша салыстырып тексеру актілерін жүргізеді. 2022 жылдың басынан бері атқарушылық іс жүргізу бойынша ауданның мемлекет алдындағы берешегі 318 млн. теңгені құрады. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 52 млн. теңге өндірілді. Жәрмеңкеде 4 жұмыс беруші қатысты. Келген 30 борышкердің 8і екі қолға бір күрек тапты.


ЖАНДОС АМИРОВ, АЙЫРТАУ АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ: