СҚО бойынша ҚАЖД № 50 мекемесінде жазасын өтеуші азаматшалардың арасында зияткерлік викториналық ойын өтті. Сотталған қыз-келіншектер төрт командаға бөлініпі, өз ара үздіктерді анықтады.Әріптесіміз дайындаған сюжетке назар аударайық.
Викториналық жарыста "IQ ханым", "Көңілді фермерлер", "Зигнер" және "Ақылдылар" командалары өнер көрсетуде.Іс-шара ұйымдастырушыларының айтуынша,мұндай ойындар сотталушылардың өз ойларын толық,әрі анық жеткізуге сондай-ақ дұрыс шешім қабылдауға септігін тигізеді.
ЖЕҢІС ЕЛУБАЕВ, СҚО БОЙЫНША ҚАЖД № 50 МЕКЕМЕ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жарысқа қатысушы командалар,алғашқы кезеңнен бастап шапшаңдықтарымен көзге түсті.Әр команда да жеңіс үшін бар білгендерін ортаға салып, қойылған сұрақтарға ұтымды жауап беруге тырысуда. IQ ханым командасының осы ойынға 1 ай бойы тыңғылықты дайындалыпты,бүгін жеңіске жететіндеріне сенімі мол.
РОЗА СӘРСЕМБАЕВА, ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ:
Ойын қорытындысы бойынша іс-шараның демеушілерінен барлық командаларға сыйлықтар мен грамоталар табыс етіледі. Айта кетен жөн, қазіргі уақытта ҚАЖД № 50 мекемесінде 225 қыз-келіншек жазасын өтеп жатыр.