Облыстық мәслихатта қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда алдағы үш жылға арналған облыстық бюджетті бекіту, азық-түлік бағасын тұрақтандыру, мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар бөлу және басқа да мәселелер қаралды.


Облыстық қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышканттың айтуынша, 2023 жылға арналған жергілікті бюджетке түсім 32 млрд теңгеден аспақ. Оның 93% - ы салықтық түсімдерге тиесілі. Ал "Ауыл – ел бесігі" жобасын жүзеге асыруға 5 млрд теңгеден астам қаражат бөлу жоспарланған. Облыстағы 20 білім беру мекемесін жөндеуге 2 млрд теңге, үш денсаулық сақтау нысанын қалпына келтіруге – 212 млн теңге шамасында, стадионды күрделі жөндеуден өткізуге -193 млн теңге жұмсалмақ.


НАТАЛЬЯ ДЫШКАНТ, СҚО ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Жергілікті бюджеттің шығыстар базасына - тұрақты шығындар мен бұрын республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылғандар енгізілген. 2023 жылы - 122 млрд теңге, 2024 жылы – 133 млрд теңге, 2025 жылы-144 млрд 883 млн теңге.