Интернет алаяқтықпен күрес. Петропавл полицейлері "OLХ" және "Колеса кз» танымал хабарландыру сайттарының қазақстандық кеңселерінің өкілдерімен тікелей байланысқа шықты. Олар зум конференциясы режимінде интернет-алаяқтықтың қалай алдын алуға болатындығын талқылады.


 Алаяқтар өз құрбандарын түрлі тәсілдермен іздейді. Әсіресе интернет арқылы алданып қалатындардың қатары қалың. Арзан тауар, әдемі жарнама көпшілікті елітіп әкетеді. Жыл басынан бері облыс орталығында Колеса кз сайты арқылы 31 және ОЛХ арқылы 161 қылмыс жасалған. Қалалық тергеушілердің өндірісінде биыл жалған хабарландырулар бойынша 7 қылмыстық іс болды. Онлайн-конференция барысында тараптар бірқатар өзекті мәселелерді талқылады, практикалық әзірлемелермен бөлісті және проблемалық мәселелерді жедел шешу үшін байланыстармен алмасты. Полицейлердің пікірінше, жалған хабарландыруларды жедел жою ғана бірқатар пайдаланушыларды қылмыскерлердің әрекетінен қорғауға көмектеседі.


ЖАНДОС МҰХАТОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Біздің алгоритмді ұсынса деп сол басшыларға мәліметті жеткіздік. Қазіргі таңда 200-ші баппен процессуалдық кодекс бойынша біз ұсыныс береміз осы компанияларға. Қылмыстық істер бізде бар. Мысал келтіретін болсақ, біздің ұсыныс бойынша болмаған автокөліктер, болмаған қалалық аудандар бізде шығып жатқан жаңағы мекенжайлар да бар, соларды бұғаттаса екен деген ұсыныс беріп жатырмыз.


 Қалалық полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін тұрақты, кешенді жұмыс жүргізуде. Үй-жайларды аралау барысында, ата-аналар жиналыстары мен кездесулерде қызметкерлер азаматтарға дербес деректерді жария етудің, өз құрылғыларына бөгде бағдарламалар мен қосымшаларды орнатудың қауіптілігі туралы, сыйақы мен пайданы уәде ететін күдікті сілтемелер бойынша өтуге жол бермеу туралы түсіндіреді.