Облыс тұрғындары мен қонақтары Финляндияның сапалы сыртқы киімдерін төмен бағамен сатып ала алады. Петропавлда ерлер және әйелдерге арналған тон, пальто, былғары курткалардың жәрмеікесі өтіп жатыр. Келушілерге 50 пайыздан асатын жеңілдік ұсынылған.


ЖәрмеңкеГЕ пальто, былғары курткалар мен қысқы қалың киімнің 50-ден астам түрі қойылған. Мұнымен қоса, басым бөлігі 50% жеңілдікпен ұсынылған. Жалпы, киім-кешектің негізі Финляндияда тігілген. Сонымен қатар Норвегия, Германия, Канада брендтері де баршылық.


НАДЕЖДА НИКИТИНА, ФИН ЖӘРМЕҢКЕСІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ:

 - Біздің компания Қазақстан аумағында да, Ресейде де 50% - дан жоғары жеңілдікпен импорттық тауар ұсынады. Сондықтан, өзіңізге сапалы киім сатып алуға және үнемдеуге керемет мүмкіндік бар.


Қыз-келіншектерге қой терісінен жасалған тондар көптеп ұсынылған. Оған басты себеп бұл сыртқы киім өте ыңғайлы, әрі жеңіл. Сондай-ақ, ер адамдар қысқы куртканың түр-түрін өлшеп, өзіне ұнағанын таңдай алады. Әзірге барлық өлшемдері бар.


НАДЕЖДА НИКИТИНА, ФИН ЖӘРМЕҢКЕСІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ:

 -  Әйелдерге 42-ші ден 64-ші ге дейін, ал ерадамдарға 46-дан 66-68-ге дейінгі өлшемдер ұсынылған. Мұнымен қоса, жәрмеңкеге келіп бір затты ұнатып қалсаңыз бірақ оны әзірге сатып алуға қаржыңыз жеткіліксіз болса қаржының бір бөлігін қалдырып, кейін үйге дейін жеткізуге өтінім қалдыруға болады.


Фин жәрмеңкесі Петропавлдағы Жамбыл 149 мекен-жайы бойынша сағат таңғы 10-нан кешкі 20-00ге дейін жұмыс істейді.