Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVIII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты.Президенттің айтуынша, елдер арасындағы экономикалық кооперация жылдан жылға күшейіп келеді. Өзара тауар айналымы да тұрақты өсуде. Мұнымен қоса бірлескен жобалар іске асырылып жатыр, өзара есеп айырысулардағы ұлттық валюталардың үлесі ұлғаюда. Осы орайда екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын нығайтуға ықпал ететін "Қызылжар" арнайы-экономикалық аймағы жайында да атап өтті.


Солтүстік Қазақстан облысы азық - түліктен бастап құрылыс материалдарына дейін өз өндірісін белсенді түрде ұлғайтып жатыр. "Қызылжар" арнайы экономикалық аймағының аумағында құрылыста қажет заттарды шығаратын жаңа кәсіпорындар салынды. Ламинатталған фанера өндірісі үшін шамамен 2 млрд теңге инвестиция құйылды, осылайша 150 жаңа жұмыс орны ашылды. Жылына шамамен 30 мың текше метр өнім өндіріледі. Тауардың бір бөлігі экспортқа жіберіледі. Тағы бір маңызды инвестициялық жобалардың бірі кірпіш зауыты. Оның құрылысына 1 млрд 800 млн теңге қаражат тартылды. 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Кәсіпорын жылына 40 млн кірпіш шығарады. Осындай әлеуметтік жобалардың маңыздылығын мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің XVIII өңіраралық ынтымақтастық форумында да атап өтті.


ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ:

 -  2019 жылы СҚО-да "Қызылжар" арнайы экономикалық аймағы құрылды. Жақын арада экспортқа бағдарланған заманауи өндірістер пайда болады. Осы арнайы экономикалық аймақтың әрекеті екі елдің шекаралас аумақтарының кооперациясына жақсы серпін бере алады деп санаймын. Бұл ынтымақтастықты кеңейтудегі тағы бір басымдығымыз.


 Электротехникалық өнім шығаратын зауытт та «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағы АЯСЫНДА іске қосылды. Кәсіпорында жылына 13 мыңға жуық трансформатор шығарылады. Өндірілетін өнімнің 90% экспортқа жөнелтіледі. Жобаның құны-10 млрд теңге.


ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ:

 -  Өткен жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда көлемі жаңа рекордтық мәнге - 24,5 миллиард долларға жетті. Осы жылдың алғашқы 9 айының қорытындысы тауар айналымының 5 % - ға өскенін көрсетті. Ресейге жіберілетін қазақстандық өнімнің ассортименті жақсарды. Өткен жылмен салыстырғанда тауар түрлерінің саны 640-тан 1050 атауға дейін өсті.


«ПЗТМ» аумағында термос-вагондарды құрастыру бойынша жаңа өндіріс ашылды, олар тез бұзылатын тамақ өнімдерін тасымалдауға арналған. Жоба бойынша жылына 1200 вагон шығару жоспарланған. Ауқымды және маңызды жобалардың қатарында Петропавлда салынып жатқан заманауи жылыжай кешені бар. Жылыжай екі мың тоннадан астам қияр мен қызанақты нарыққа шығарады және осылайша жергілікті қажеттіліктің үштен бірін жабады.