Петропавлда ауқымды эко-акция өтті. Волонтерлер Мещан орманын қоқыстан тазартты. Сенбілікке колледждердің студенттері қатысты.

Эко -сенбілікке барлығы 9 колледжден 140-тан астам адам қатысты. Олар ормандағы қоқысты жинап қана қоймай, сұрыптады. Пластмасса, шыны, қағаз - мұның барлығын қайта өңдеуге болады. Студенттер Мещан орманын қоқыстан тазартқан соң «Таза бейсенбіге» арналған жалпықалалық сенбілікке қатысты. 

АЛИНА АЙБАСОВА, «ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ ЖЕТЕКШІСІНІҢ М.А.:
- «
Бізде жылына екі рет республикалық ауқымдағы экологиялық акция өткізіліп отырады. Яғни, көктем мен күз мезгілінде ормандарды, көлдердің жағалауларын қоқыстан тазартамыз. Табиғат аясында демалатындардың қатарында қоқыстарын жинамай шашып кететін тұрғындар бар. Бұл өкінішті-ақ. Әлі күнге табиғатта демалу мәдениеті дұрыс қалыптаспай отыр»